Олжас Бектенов жанар-жағармай нарығындағы ахуал бойынша жиын өткізді
© Сурет: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығындағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстаннан мұнай өнімдерінің заңсыз ағынын болдырмау жөніндегі тапсырмалардың орындалуы туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 4 шілдеде үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ЖЖМ нарығындағы тұрақты жағдай туралы баяндады. Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары жоспарлы режимде жұмыс істеп жатқаны атап өтілді. Қазақстандағы бензиннің, дизель отынының, авиаотынның жиынтық қорлары ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Энергетика министрлігі ЖЖМ өндіру және жеткізу жағдайын бақылауда ұстайды.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің мәліметінше, жыл басынан бері автомобиль өткізу пункттерінде жалпы көлемі 40 мың литрден асатын 593 мұнай өнімдерін әкету әрекеті тоқтатылған. Жалпы, Мұнай өнімдерін заңсыз әкетуге жол бермеу жөніндегі жол картасы шеңберінде шекара маңы аймақтарында күшейтілген бақылау жүзеге асырылуда. Тереңдетілген тексеру іс-шараларын жедел жүргізу үшін қызметкерлер штаты ұлғайтылды.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобильді топтардың жұмысы туралы баяндады. Патрульдеу тәулік бойы жүзеге асырылады, тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде Шекара маңындағы трассаларда автоцистерналар мен бензин тасығыштар тексеріледі.
Соңғы екі тәулікте өткізу пункттерінде қосымша бактар мен канистрлерде 3 тоннадан астам ЖЖМ әкетудің 61 әрекеті тоқтатылды.
Сонымен қатар, жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) тасымалдауға арналған 18 мамандандырылған автокөлік құралы тексерілді. Оның ішінде 34 тонна мұнай өнімін тасымалдаған бір автокөлік құралынан сараптама жүргізу үшін сынамалар мен үлгілер алынды. Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдары қызмет көрсету көлемінің қалыптан тыс өсуі тіркелген 62 жанармай құю стансасы мен 22 шағын мұнай өңдеу зауытының қызметіне талдау жүргізуде. Аталған субъектілерге қатысты тиісті тексеру іс-шаралары жүргізілетін болады.
Сондай-ақ ҰҚК төрағасының орынбасары — Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов, Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов баяндама жасады.
Жиын қорытындысы бойынша премьер-министр Олжас Бектенов мұнай өнімдерінің ішкі нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету үкіметтің басым міндеті болып саналатынын атап өтті. Мемлекеттік органдарға жағдайды күнделікті бақылауда ұстау тапсырылды.
Бұған дейін елімізде бензин мен басқа да жанар-жағармай өнімдерінің бағасына қатысты бақылау күшейтілетіні хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:02, 4 шілде 2026
Кейбір көліктер күзде 50 пайызға дейін арзандауы мүмкін - сарапшы болжамы
-
16:10, 4 шілде 2026
Елімізде әйелдердің бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелеріне қатысуын арттыру бойынша жаңа жоспар қабылданды
-
16:01, 4 шілде 2026
Алматы облысында құтқарушылар жеке тұрғын үй аумағынан жылан ұстап алды
-
15:33, 4 шілде 2026
Жер бетінде қатты магниттік дауыл жүріп жатыр
-
15:33, 4 шілде 2026
Жерде қатты магниттік дауыл жүріп жатыр





