Алматыда Ұлттық домбыра және Астана күні қалай атап өтіледі
© Сурет: Алматы әкімдігі
Алматыда 4-6 шілде аралығында Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған бірқатар іс-шара өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына концерттер, фестивальдер, флешмобтар, көрмелер, кино көрсетілімдері және ұлттық спорт түрлерінен жарыстарды қамтитын мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынылады.
Мерекелік іс-шаралардың мақсаты – ұлттық мәдениетті дәріптеу, салт-дәстүрді сақтау және рухани құндылықтарды нығайту.
4 шілде
10:00 — "Күмбірле, қоңыр домбыра!" мерекелік концерті (Family Park);
11:00 — Ұлттық домбыра күніне арналған концерттік бағдарлама ("Самғау" даму және шығармашылық орталығы);
15:00 — "Күй құдіреті" әдеби-музыкалық кеші (Жетісу аудандық кітапханасы);
19:00 — "Домбыра – дастан" мерекелік концерті ("Алатау" дәстүрлі өнер театры алдындағы алаң).
5 шілде
10:00 — 50 домбырашының қатысуымен флешмоб (Нұркент шағынауданы, 7);
11:00 — "Күмбірле, домбыра, жасай бер, Астана!" мерекелік концерті (Арбат, Жібек жолы көшесі, 100);
11:00 — Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт (Орталық мәдениет және демалыс саябағы);
16:00–20:00 — "Айнабұлақ" саябағында өтетін Dombyra Fest отбасылық фестивалі. Бағдарлама аясында шебердің сабақтары, интерактивті алаңдар, халық шеберлерінің көрмесі, фотозоналар және ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады;
17:00 — "Күй күмбірі" флешмобы.
Сонымен қатар, Түрксіб ауданының қоғамдық кеңістіктерінде 15 домбырашының қатысуымен түсірілген Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік бейнеролик көрсетіледі.
6 шілде
15:00 — 100 домбырашы қатысатын флешмоб (Шұғыла шағынауданы, 347);
17:00 — мерекелік концерт (Амфитеатр);
19:00 — "Ұлы дала үні" фильмінің көрсетілімі (Амфитеатр).
Еске сала кетейік, Қазақстанда Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде, ал Астана күні 6 шілдеде атап өтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:17, 3 шілде 2026
Қазақстан BMX-фристайлдан Азия чемпионатында сынға түседі
-
20:35, 3 шілде 2026
Қазақстандық балуандар күрес түрлерінен Венгриядағы рейтингтік турнирде бақ сынайды
-
20:08, 3 шілде 2026
Садақ атудан Испаниядағы Әлем кубогының кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды
-
19:21, 3 шілде 2026
БҚО-да досын абайсызда атып өлтірген тұрғынға үкім шықты
-
18:56, 3 шілде 2026
Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды





