Тауар биржасында қант сату тәртібі өзгерді
© Фото: freepik
Сауда және интеграция министрі 2026 жылғы 23 қыркүйектегі бұйрығымен биржалық тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түзетулер тізбенің ауыл шаруашылығы өнімдерін сату тәртібін белгілейтін бөліміне енгізілді.
Атап айтқанда, тауар биржалары арқылы міндетті түрде сатылуға тиіс қанттың ең төменгі үлесі белгіленді:
- қант өндірушілер үшін – өндірілген қант көлемінің 20%-ы;
- қант импорттаушылар үшін – елге әкелінген қант көлемінің 20%-ы.
Еске салайық, бұған дейін құжатта жеткізілетін тауар партиясының ең төменгі көлемі 60 тонна деп белгіленген еді. Партия көлемі 60 тоннаға тең немесе одан көп болған жағдайда қант тек тауар биржасы арқылы сатылатын.
Бұйрық 9 қазаннан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін Қазақстанда биржалық сауда қағидалары өзгергенін хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:54, 30 қыркүйек 2026
Ақтөбеде үш қабатты рестобардың шатыры өртеніп, тұрғындарға қауіп төнді
-
10:48, 30 қыркүйек 2026
Қайтыс болған қазақстандықтар жылдар бойы баспана кезегінде тұрған
-
10:35, 30 қыркүйек 2026
Кәсіпкер мал шаруашылығы жобасына бөлінген 60 млн теңгені жымқырған
-
10:27, 30 қыркүйек 2026
Көлік сатып алғанда қалай алданып қалмауға болады: қолданыстағы автокөлікті алушыларға маңызды жадынама
-
10:16, 30 қыркүйек 2026
Қазақстандықтарға әлеуметтік желілер мен WhatsApp-тағы жарияланымдарға қатысты қатаң ескерту жасалды





