Тарихымызда Ерлік пен Елдіктің туын биік ұстаған арулар көп болған – Тоқаев
© Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада төл тарихымызда ер азаматтармен бірге ерлік пен елдіктің туын биік ұстаған арулар көп болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент "Қыздың қырық жаны бар" деп халқымыз бекер айтпағанын да жеткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылы 6 наурызда.
"Рухы мықты қайсар қыздарымыз ұлт жылнамасында өшпес із қалдырған. Тұмар ханым, Айша бибі, Домалақ ана, Сүйінбике, Айғаным ханша мен Зере ананың есімдері ел жадында мәңгі қалады. Бүгінде Сіздер аса құрметті аналарымыз және апаларымыз салған дара жолды лайықты жалғастырып келесіздер. Қыздарымыз ел игілігі жолында табысты еңбек етіп, Қазақстанның дамуына орасан зор үлес қосуда". Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы қиындығы мен сын-қатері қатар жүретін аса жауапты қызметтерде жұмыс істейтін нәзік жандылар аз емес екенін баса атап өтті.
"Олар Отан алдындағы парызына адал болып, елімізде Заң мен тәртіптің орнығуына атсалысып жатыр. Әділ сот төрелігін жүзеге асырып жүрген судьялардың жартысынан көбі – әйелдер. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар, Прокуратура, Ішкі істер, Қорғаныс және арнаулы қызмет саласында 45 мыңнан астам әйел еңбек етуде. Жақында Дубайда күштік құрылымдар мен арнайы жасақтардың SWAT Challenge жарысы өтті. Аса беделді халықаралық сайыста еліміздің "Томирис" құрамасы ешкімге дес бермей, қыздар арасында үздік атанды. Олар байрақты бәсекеде шыдамдылық пен шеберліктің озық үлгісін көрсетті. Бұл Әлия Молдағұлова және Мәншүк Мәметованың даңқты жолын үзбей келе жатқан нағыз батыр қыздарға тән қасиет екені сөзсіз", - деді президент.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:18, 16 сәуір 2026
Екібастұзда дәрігер мен медбике соққыға жығылды: Күдіктілер 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
-
13:09, 16 сәуір 2026
Бас прокуратура дабыл қақты: алаяқтар Қазақстандағы iPhone пайдаланушыларына жетті
-
12:55, 16 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
-
12:40, 16 сәуір 2026
Сенат Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялады
-
12:22, 16 сәуір 2026
Банктік шоттарды ашу және бұғаттау тәртібіне өзгерістер енгізілді





