Тараздық сәнгердің туындылары Милан төрінде көрсетілді
Ағымдағы жылы қыркүйек айының 18-24 аралығында Италияның Милан қаласында Milan Fashion Week сән апталығы өтті. Онда әлемге әйгілі брендтер мен сәнгерлер коллекцияларының көрсетілімі ұсынылды. Milan Fashion Week сән апталығының ресми бағдарламасында тараздық сәнгер Айдархан Қалиевтің де маусымдық коллекцияларының көрсетілімі енгізілген. Бұл туралы “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Айдархан Қалиев мұндай әлемдік деңгейдегі сән апталығына Қазақстан атынан алғаш рет қатысып отырған сәнгер. Айдархан Мірәліұлы айтулы шарадағы көрсетілімін «Тараз періштелері» деген атаумен ұсынып отыр. Сәнгер онда «Көктем–жаз-2019» маусымдық коллекцияларын көпшілік назарына шығарды.
Шығармашылық көрсетімілімнің негізі ретінде сәнгер періште образын таңдаған.
«Шығыс сұлуының ғажайып пен құпияға толы бейнесі періштені еске салады. Сондықтан да мен өз коллекциямды «Тараз періштелері» деп атадым. Коллекциядағы сән үлгілері шығыстық стильде әзірленді. Оған қолөнер шеберлері безендірген жеңіл, жылтыр маталар пайдаланылды. Шығыс жігіттері қыз баласына ана, болашақ жар деп ерекше құрмет көрсеткен. Яғни, біздің ұғымымызда әйел образы пәк те нәзік сезіммен қатар жүреді. Сондықтан коллекциядағы сән үлгілеріне алдағы маусымда сәнге айналатын ақ түс қолданылды», – дейді тараздық сәнгер Айдархан Қалиев.
Миландағы апталықтан соң жерлесіміздің туындылары қазан айында Тараз қаласында өтетін «Taraz – aspara fashion week» сән апталығының салтанатты ашылуында көрсетілетін болады. Айта кету керек, «Taraz – aspara fashion week» халықаралық сән апталығына 19 мемлекеттен 30- дан астам дизайнер қатысуға ниет білдірген.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





