Таразда жолаушылар автобусының жүргізушісіне пышақ жарақаты салынды
© Фото: unsplash
Тараз қаласында жолаушы мен автобус жүргізушісі арасындағы жанжал пышақтасуға ұласты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнынан түсірілген бейне әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда оқиға орнына келген полиция қызметкерлері агрессивті ер адамды ұстап жатқанын көруге болады. Сипаттамада мас күйдегі жолаушы жүргізушіден жұмыс уақыты аяқталғанына қарамастан бағыт бойынша жүруін жалғастыруды талап еткені айтылған.
Екеуінің арасында сөзге келіспеушілік туындап, ол төбелеске ұласқан. Соның салдарынан жолаушы жүргізушіні пышақпен жарақаттаған.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі салонда болған жанжал кезінде ер адам жүргізушіге пышақ жарақатын салғаны туралы хабарлама түскенін мәлімдеді.
"Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
9 наурыз күні полиция Таразда болған тағы бір жағдай туралы да мәлімдеді. Әйел адам өзін қарақшылық шабуылдың құрбаны болдым деп хабарлаған. Алайда тексеру барысында ешқандай шабуыл болмағаны анықталған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:14, 10 наурыз 2026
Ер адам жөргектерден тігілген костюммен өзенге түсіп, қауіпті инфекция жұқтырды
-
13:01, 10 наурыз 2026
Алматылықтар 15 наурызда қоғамдық көлікте тегін жүре алады
-
12:52, 10 наурыз 2026
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын тіс емдеуге пайдалану мүмкіндігі қарастырылып жатыр
-
12:45, 10 наурыз 2026
2026 жылы Қазақстанның қай өңірлерінде тұрғын үй көп салынатыны белгілі болды
-
12:35, 10 наурыз 2026
Стоматологиялық клиникадағы қайғылы оқиға: сот шешімі жарияланды





