Шымкентте қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады
© Фото: Zakon.kz
Шымкентте референдум күні қоғамдық көлікте жүру тегін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бәріне белгілі болғандай, 15 наурыз күні елімізде жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өтеді. Бұл күні еліміздің үшінші мегаполисіндегі барлық бағыттағы қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады. Аталмыш ақпаратты қала әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
"Мұндай шешім қала тұрғындарының сайлау учаскелеріне жетуіне мүмкіндік береді",- делінген таратылған мәліметте.
Бұған дейін Қазақстанның мәдениет және өнер саласының белді қайраткерлері еліміздің жаңа Конституциясына арналған "Халықтық Ата Заңы" атты ортақ әнді бірге шырқағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:55, 1 мамыр 2026
Қазақстан бойынша 2 мамырға дауылды ескерту жарияланды
-
17:36, 1 мамыр 2026
БҰҰ: Ормуз ашылмаса, инфляция шарықтайды
-
17:13, 1 мамыр 2026
Маңғыстау полициясында 50-ден астам ұлт өкілдері қызмет етеді
-
16:56, 1 мамыр 2026
Алматыда жаппай төбелес адам өлімімен аяқталды
-
16:40, 1 мамыр 2026
Алматы ауа райы құбылмалы: жаңбыр, жел және кенет жылыну күтіледі





