Таразда жетім балаларға қырғидай тиген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

17:32, 8 қазан 2019

Тараздағы балалар үйінің 54 жастағы мұғалімінің қылығына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылдың 7 қазанында Facebook әлеуметтік желісінде "Үміт" балалар үйінің кішкентай балаларына қырғидай тиген әйелдің видеосы пайда болды.

- Сол күні Жамбыл облыстық полиция департаменті балалар үйінің 54 жастағы тәрбиешісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін қолға алды. Тексеріс кезінде мекеме қызметкерлерінен жауап алынып, бейнебақылау таспасынан видеоматериалдар алынды. Қажетті сараптама тағайындалды. Облыс әкімдігіне сот шешімі шыққанға дейін балалар үйі тәрбиешісін қызметінен босату туралы ұсыныс жолданды, делінген хабарламада.

Бұл факт Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.

- Тараздағы балалар үйіндегі жағдайға байланысты қазір мен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевпен және Жамбыл облысы білім басқармасының бастығы Тұрмаханбетова Рахиямен байланысып жатырмын, деп жазды Қазақстандағы Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Facebook-тегі парақшасында.

- Облыстық денсаулық сақтау басқармасы білім басқармасымен бірлесіп комиссия құрып, өзара кездесу өткізілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ішкі істер департаментіне сотқа дейінгі тексеру жұмысын жүргізу үшін арыз түсірді, - деп атап өтті білім басқармасындағылар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!