Таразда жеке тұрғын үйдің ауласында «ГАЗель» өртеніп, бір адам зардап шекті

18:30, 20 мамыр 2024

© Сурет: Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

20 мамырда 16:17-де 101 пультіне Тараздағы Р.Қошқарбаев көшесіндегі тұрғынүйлердің аумағында "Газель" автокөлігі өртке оранғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шақырту орнына Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдары - 21 қызметкер және 5 бірлік техника жетті.

Өрт 16:57-де ауыздықталып, 17:11-де сөндірілді. Қаза болғандар жоқ, бір адам зардап шекті. Оның қолы күйген, жедел жәрдем қызметкерлері алып кетті.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris.p.taraz +21TARAZ

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!