Таразда такси жүргізушісінен марихуана тәркіленді
© Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысының полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Тараз қаласында 53 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Chevrolet Cobalt көлігі тоқтатылған. Аталған азамат осы автокөлігімен қаланың ішінде такси жүргізушісі болып жұмыс істеген.
Көліктің жүксалғышын тексеру кезінде полицейлер өсімдік тектес зат салынған пакетті тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 4 келі 649 грамм кептірілген марихуана болып шықты.
Сондай-ақ медициналық сараптама күдіктінің психоактивті заттарды қолданғанын растады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 27 шілде 2026
Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды
-
22:20, 27 шілде 2026
Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл «жауды» - видео
-
21:55, 27 шілде 2026
Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты
-
21:55, 27 шілде 2026
Шекарада кезекке тұрғысы келмеген көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты
-
21:26, 27 шілде 2026
«Өрт қаупі жоғары». Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды





