Таразда мұз жарылып, суға түсіп кеткен баланы құтқарған азамат марапатталды
© Сурет: pexels
Мұз жарылып, суға түсіп кеткен баланы құтқарған Тараз қаласының тұрғыны марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға өткен жексенбіде қаладағы ықшам аудандардың бірінде болған.
"Тараз қаласының тұрғыны Сәкен Сағындықов су арнасының маңынан өтіп бара жатып, төтенше жағдайдың куәсі болды. Бес жасар бала тайып құлап, мұз астына түсіп кеткен. Батылдық пен табандылық танытқан азамат баланы жедел түрде судан шығарып, ата-анасы келгенше жақын маңдағы фитнес-орталыққа жеткізді. Көрсеткен ерлігі мен баланың өмірін сақтап қалғаны үшін Сәкен Сағындықов Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Алғыс хатымен және Тараз қаласы әкімдігінің бағалы сыйлығымен марапатталды", делінген 2026 жылғы 4 ақпандағы төтеншеліктер хабарламасында.
Бұған дейін Таразда темір қоршауға қысылып қалған ит құтқарылғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:46, 4 ақпан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф мәдени орталықтар және Dostyq спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты
-
18:46, 4 ақпан 2026
Тоқаев пен Шахбаз Шариф мәдени орталықтар және Dostyq спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты
-
18:36, 4 ақпан 2026
Тоқаев: Пәкістан – Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы және одан тысқары жерлердегі сенімді әрі маңызды серіктесі
-
18:11, 4 ақпан 2026
Қанат Бозымбаев өңірлердің су тасқыны қаупі жоғары кезеңге дайындық барысын тексерді
-
17:58, 4 ақпан 2026
Қазақстан мен Пәкістан қандай маңызды құжаттарға қол қойды





