Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф мәдени орталықтар және Dostyq спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты
© Сурет: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф мәдени орталықтар және Dostyq спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары аясында Исламабадта әл-Фараби, Қаныш Сәтпаев және Қожа Ахмет Ясауи атындағы мәдени-білім беру орталықтарының, сондай-ақ Dostyq спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті, делінген Ақорда хабарламасында.
Әл-Фараби орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Каид-и-Азам» университеті (Quaid-i-Azam University) арасындағы ынтымақтастық шеңберінде ашылды. Ғимарат оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен, сонымен бірге заманауи компьютерлік құрал-жабдықтармен, жиһазбен қамтылған. Орталық базасында қазақ тілі курстары ұйымдастырылмақ.

Сурет: Ақорда
Қаныш Сәтпаев орталығы Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Satbayev University) мен Пәкістан ұлттық ғылым және технология университеті арасындағы ғылым, білім беру, сондай-ақ технология салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі уағдаластықтарға сәйкес жұмыс істейтін болады.
Қожа Ахмет Ясауи орталығы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Исламабад Халықаралық ислам университетінің келісімі бойынша ашылды.

Сурет: Ақорда
Dostyq спорт орталығында тоғызқұмалақ және қазақ күресі бойынша пәкістандық федерациялар құру, Қазақстан шахмат академиясының, Qazaq batyry аралас жекпе-жегінің филиалдарын ашу, сондай-ақ екі елдің грэпплинг пен бокс федерациялары арасындағы ынтымақтастықты дамыту көзделіп отыр. Қос мемлекет пәкістандық жаттықтырушылар мен спортшыларды оқыту үшін бірлескен оқу-жаттығу жиындарын қолға алмақ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:30, 4 ақпан 2026
Абай облысында «Мен және Заң» форумы өтті
-
20:00, 4 ақпан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысты
-
19:57, 4 ақпан 2026
Жүк көлігіне тығылып, шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетелдіктер 10 млн теңге айыппұл төлейтін болды
-
19:49, 4 ақпан 2026
Күнде қатты жарылыстар болды: Жерге магниттік дауыл таяп келеді
-
19:30, 4 ақпан 2026
Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Азия чемпионатында бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды





