«Тараз – Көркі» атты фото байқау өз мәресіне жетті

17:54, 9 қазан 2024

© Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

2024 жылдың 9 қазанында Жамбыл облысының 85 жылдығына және "Қала күні" мерекесіне орай Қайрат Рысқұлбеков саябағында "Тараз – Көркі!" атты фото байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы аталмыш шараның басты мақсаты – Жамбыл облысының 85 жылдығы және "Қала күні" мерекесіне орай 2000 жылдан астам тарихы бар Тараз қаласының бүгінгі кескін-келбетін фото өнері арқылы насихаттап, жаңарып, көркейген шаһарды көпшілікке жаңа қырынан таныту. Сондай-ақ, осы байқау арқылы кәсіби мамандарды анықтап, олардың еңбектерін халық арасында кеңінен насихаттау.

Фото байқау, Тараз қаласы, Тараз көркі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2024 17:54

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Байқауға қала жастары мен тұрғындары қатысып, үздіктер іріктеліп, 7 номинация бойынша сыйлықтар табыс етілді.

Нәтижесінде үздік үштік анықталды:

  1. Тоқташ Арнат Саматұлы - "Үздік репортаж" номинациясы,
  2. Нысанбай Даурен Орынбекұлы - "Фото минимализм" номинациясы,
  3. Қамшыбек Ислам Болатбекұлы "Қас қағым сәт" номинациясы бойынша марапатталды.
Фото байқау, Тараз қаласы, Тараз көркі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2024 17:54

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, байқауға белсенді қатысқан қала тұрғындарымен жастарға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Фото байқау, Тараз қаласы, Тараз көркі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2024 17:54

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Олар: Каленова Ұлжан Медербекқызы "Қас қағым сәт" номинациясы, Дядык Максим Андреевич "Үздік қала пейзажы" номинациясы, Өрнек Мерей "Мөлдір табиғат" номинациясы және Әбілмәжинова Назерке Ерсінқызы "Түнгі пейзаж" номинациялары бойынша марапатталды.

Марапат иелерін арнайы Тараз қаласы әкімінің орынбасары Жауынбекова Гүлдана Әлімжанқызы марапаттады.

Фото байқау, Тараз қаласы, Тараз көркі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2024 17:54

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!