Абай облысында жалған нөмірмен көлік басқарған жүргізуші ұсталды

© Фото: polisia.kz
Абай облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар автокөлікті анықтады.
Бақылау камераларын қадағалау барысында құқық бұзушылық тіркелген. Оперативтік іс-шаралар нәтижесінде облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны ұсталды.
Аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Бұл бапта жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқарғаны, сондай-ақ нөмірлерді анықтауға кедергі келтіретін немесе нөмірді өзгертетін құрылғылар мен материалдарды пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.
Құқық бұзушыға 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Құқық бұзушының көлігі арнайы тұраққа қойылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:25, 13 наурыз 2025
Биыл Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 87 келіге жуық есірткі тәркіленді
-
14:12, 13 наурыз 2025
Оқушылардың тіскебасардан улануы: Сауда министрлігі күмәнді өнім туралы айтты
-
14:00, 13 наурыз 2025
13 наурыздан бастап жол ережесін бұзғандарға жаңа айыппұл салынады
-
13:49, 13 наурыз 2025
Астанада жүк көліктеріне рейд жүргізілді
-
13:33, 13 наурыз 2025
Суперкомпьютер УЕФА Чемпиондар лигасын жеңетін жаңа фаворитті атады