Тараз қаласы әкімінің экс-орынбасары 4 жылға сотталды
© Сурет: Facebook/Нурбол Калдыбаев
Таразда қала әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрбол Қалдыбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тараз қаласының № 2 сотының мәліметінше, экс-шенеунікке қатысты аса ауыр салдарға әкеліп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша іс қозғалды. Онымен бірге аса ірі көлемде алаяқтық жасау бабы бойынша кәсіпкер де сотқа тартылды. Сотта оның Тараз қаласы әкімдігінің мемлекеттік тендер бойынша бес қабатты үш тұрғын үй салумен айналысқаны анықталды. Алайда құрылысты аяқтамаған және объектілер бойынша құрылыстың аяқталғандығы туралы жалған актілер жасаған.
"Қалдыбаев лауазымды тұлға бола отырып, Е-ге пайда мен артықшылықтар алу мақсатында өзінің қызметтік өкілеттіктерін қызметтің мүдделеріне қайшы асыра пайдаланып, Е-ге 519 млн теңгеден астам бюджет қаражатын аудару үшін негіз болған осы актілерге қол қойған", делінген сот хабарламасында.
Келтірілген залал ішінара құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу арқылы өтелді, ал өтелмеген залал сомасы 137 млн теңгеден астам соманы құрайды, оның ішінде Е-нің қылмыстық әрекетінің салдарынан келтірілген залал сомасы 104,8 млн теңгені, ал Е. мен К-нің ортақ қылмыстық әрекеттерінің салдарынан келтірілген залал сомасы 32,8 млн теңгені құрайды.
Сотталушылардың кінәсі куәлердің айғақтарымен, бейнежазбалармен, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
Сотта кәсіпкер өз кінәсін мойындады, ал экс-шенеунік мойындамады.
Сот үкімімен сотталушылар келесі баптар бойынша кінәлі деп танылып: кәсіпкер ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша - 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыруға; экс-шенеунік ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша - белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Жамбыл облысында 300 келіге жуық балықты заңсыз сатып алған адам жазаланғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:59, 19 желтоқсан 2025
Ақтөбелік азамат аса ірі көлемдегі есірткі заттарын жалдамалы пәтерде сақтаған
-
16:54, 19 желтоқсан 2025
Жаңа жыл түні рұқсат етілетін ішімдік мөлшері белгілі болды
-
16:42, 19 желтоқсан 2025
Тараз қаласында төртінші «Келешек мектебі» ашылды
-
16:34, 19 желтоқсан 2025
-27°C дейінгі аяз бен қарлы боран: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
-
16:28, 19 желтоқсан 2025
Сәулетшілер Алматының тарихи келбетін сақтап қалу үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатыр





