Талғарда көлікпен адам қағып, қашып кеткен күдікті экс-полицей болып шықты

17:46, 28 қазан 2021

© Сурет: Zakon.kz

25 қазанда Талғарда жол-көлік оқиғасы орын алды, жүргізуші асфальт жиегінен өтіп бара жатқан 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желідегілер адам қаққан "полиция қызметкері" деп жазды.

Zakon.kz редакциясы ресми түсініктеме алу үшін облыстық полиция департаментіне хабарласты.

Жол-көлік оқиғасы болған кезде күдікті полицияда жұмыс істемеген, өйткені ол одан бұрын өз еркімен жұмыстан кеткен, - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Ведомство "қазіргі уақытта аталған ЖКО-ның барлық мән-жайларын объективті зерттеу үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде" деп сендірді.

Күдікті уақытша ұстау изольяторына қамалды, - дейді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Жол апаты 25 қазанда сағат 20:30-да Талғарда орын алған. Менделеев көшесімен батыс бағытта келе жатқан 26 жастағы жүргізуші 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі және 347-бабы (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу және зардап шегушіні оқиға орнына қалдыру) бойынша Талғар ауданының полициясында тіркелді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!