Талғар өзенінде балық қырылып, су қарайып кетті

15:39, 28 мамыр 2020
215

БАҚ-та және "Facebook" әлеуметтік желісінде Алматы облысы Базаркелді кентінің Талғар өзенінде балықтардың қырылуы мен судың қараюы туралы бейне-ақпарат тарады, деп хабарлайды zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған дерек бойынша, 2020 жылғы 27 мамырда "Қазгидромет" РМК Алматы қаласы бойынша филиалы зертханасының мамандары 3 нүктеде жоспардан тыс су сынамаларын алды:

1 нүкте: "Adal Cyt" ЖШС фермасынан 0,5 км жоғары;

2 нүкте: "Adal Cyt" ЖШС фермасына қарсы;

3 нүкте: "Adal Cyt" ЖШС фермасынан 0,5 км төмен.

Жер беті суының сапасын талдау 44 физика-химиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі, оның ішінде бас иондар, биогенді, органикалық және органикалық емес заттар, ауыр металдар.

Бірінші күнді талдау нәтижелері бойынша су температурасы 25,1-26,4 ºC шегінде белгіленді, сутегі көрсеткіші 8,1-8,2, суда ерітілген оттегінің концентрациясы нормада және 7,4-7,7 мг/дм3 диапазонында, түсі – 6-7 градус, мөлдірлігі – 20 см, иісі – 1 балл, табиғи суға тән емес иіс (қи иісі) сезіледі.

2020 жылғы 29 мамырда қалған көрсеткіштер бойынша талдау нәтижелері туралы қосымша ақпарат жарияланатын болады.

5 тәулік орындалатын "оттегіні биохимиялық тұтынуға (5)" талдау нәтижелері ағымдағы жылдың 1 маусымында ұсынылады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір