Талдықорғанда төрт мың тұрғынға көрсетілмеген қызмет үшін 12 млн теңге ақы есептелген
© Фото: pexels
Талдықорғанда төрт мыңға жуық тұрғынға үй ішіндегі газ жабдықтарына қызмет көрсету үшін ақы есептелген. Алайда қызмет іс жүзінде көрсетілмеген. Мемлекеттік органдардың араласуынан кейін тұрғындардың төлемі жалпы 12 млн теңгеге қайта есептелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Ербол Ағыбаев мәлімдеді.
"Талдықорған қаласының прокуратурасы мен департаментіміздің бірлескен жұмысы нәтижесінде төрт мыңға жуық тұтынушыға іс жүзінде жүргізілмеген үй ішіндегі газ жабдықтарына қызмет көрсету жұмыстары үшін ақы есептелгені анықталды", – деді ол.
Қызмет көрсетуші компанияда жұмыстардың орындалғаны туралы актілер де болған.
Заңбұзушылық анықталған соң тұрғындарға көрсетілмеген қызмет үшін есептелген төлем алынып тасталды. Әр тұтынушыға жеке қайта есептеу жүргізілді. Оның жалпы сомасы 12 млн теңгені құрады.
Орташа есеппен бір адамға шамамен 3 мың теңгеден келеді. Дегенмен тұрғындарға есептелген ақы әртүрлі болғандықтан, қайтарылатын сома да жеке анықталды.
Кінәлі тұлға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 190-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылып, айыппұл салынды. Бұл норма тұтынушыны алдау, оның ішінде көрсетілген қызметтің сапасына қатысты жаңылыстыру үшін жауапкершілікті көздейді.
"Бұл мысалдың маңызы зор. Өйткені мәселе бір тұтынушыға емес, бірден мыңдаған тұрғынға қатысты. Мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде олардың құқықтары қалпына келтірілді", – деді Ербол Ағыбаев.
Жетісу облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелер әлі де өзекті. Биылғы сегіз айда осы сала бойынша 140 өтініш түскен. Тұрғындар көбіне коммуналдық төлемдердің есептелуіне, сумен, жылумен және электрмен жабдықтауға, сондай-ақ кондоминиум нысандарын басқару органдарының жұмысына шағымданған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:42, 29 қыркүйек 2026
Қазақстан астық экспортын ұлғайтуға дайын
-
13:40, 29 қыркүйек 2026
Қазақстан картоп экспортына тыйым сала ма
-
13:33, 29 қыркүйек 2026
Кеме экипажында қанша адам болуы керек: жаңа талаптар бекітілді
-
13:22, 29 қыркүйек 2026
Алматыдағы экобекеттерде көліктерден балта, бита және телескопиялық таяқ табылды
-
13:15, 29 қыркүйек 2026
Павлодар облысында көлік жүргізіп келе жатып телефон пайдаланған 3 мыңнан астам адам жауапқа тартылды





