Талдықорғанда синтетикалық есірткі өндірген шетел азаматтары ұсталды

13:45, 3 сәуір 2026

© Фото: pexels

Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен Талдықорған қаласында әрекет еткен екі наркозертхананың қызметін әшкерелеп, жолын кесті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бір қылмыстық схема аясында әрекет еткен 31 және 21 жастағы екі шетел азаматы ұсталды.

Тергеу барысында олардың синтетикалық есірткі заттарын дайындаумен айналысқаны анықталды.

Тінту кезінде зертханалық құрал-жабдықтар, химиялық реагенттер, сондай-ақ өткізуге дайындалған 1,3 келіден астам мефедрон тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға, соның ішінде ұйымдастырушыны және басқа да қатысушыларды әшкерелеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция ескертеді: есірткі құралдарының заңсыз айналымы міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!