Таиландта баспанасыз зейнеткер 284 миллион теңгеден аса ұтысқа ие болды

14:23, 4 желтоқсан 2025

© Сурет: pixabay

Чиангмай провинциясының Сан Па Тонг ауданында 68 жастағы Сутон есімді ер адам, халық арасында "Дядя Чжэ" деп танылған зейнеткер, лотереядан 18 млн бат (284 млн теңгеден аса) ұтып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Thaiger жазғандай, жалғызбасты ер адам ұзақ жылдар бойы көшеде өмір сүріп келген. Оның күндік жалақысы шамамен 350 бат (550 теңге). Дегенмен, 1 желтоқсанда оның өмірі күрт өзгерді.

Таратылған ақпарға сүйенсек, оның жеңісі туралы естіген туыстары дереу оны көруге келген. Олар Сутонға қамқорлық көрсетіп, үйіне алуды ұсынғанымен, ақырында оны кім өз қолына алатыны жөнінде ортақ шешімге келе алмаған. Бұрынғы баспанасыз зейнеткерге әртүрлі банктердің қызметкерлері де келіп, есепшотты дәл өз банктерінен ашуға үгіттеген.

Ал жеңімпаз атанған Сутон әзірге ұтысы туралы ешқандай пікір білдірген жоқ.

Бұған дейін АҚШ-та ішімдікке сылқия тойып алған жанаттың дүкенді қиратып, артынша дәретханада ұйықтап қалғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!