Алматыда жер сілкінісінен кейін метро жұмысы уақытша тоқтатылды
© Фото: unsplash
2025 жылдың 4 желтоқсанында Алматыда болған жер сілкінісінен кейін метро қызметі уақытша тоқтатылды.
Метрополитеннің ресми хабарламасында былай делінген:
"Жер сілкінісіне байланысты Алматы метрополитені уақытша жұмысын тоқтатты. Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар қызметінің мамандары нысанды қауіпсіздік талаптарына сай толық тексеріп жатыр. Тексеру аяқталып, ТЖМ рұқсат бергеннен кейін метро жұмысы қайта жандандырылады. Жаңартылған ақпаратты біздің ресми парақшамыздан бақылап отырыңыздар."
Метроның уақытша тоқтатылуы — жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы шара.
Бүгін, 4 желтоқсанда, сағат 12:45-те Алматыда жер сілкінісі болды. Оқиға кезінде айқын сезілген дүмпулерден кейін қала тұрғындары мен қонақтары кеңселерден, түрлі ғимараттардан және сауда орталықтарынан жаппай сыртқа шықты.
Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығыс бағытта 277 шақырым қашықтықта орналасқан. Жерасты дүмпулері тек Алматыда ғана емес, Қазақстанның ондаған елді мекенінде сезілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 24 қараша 2026
Қазақстан қысқа қашықтықта жүзуден әлем чемпионатына қатысады
-
22:27, 24 қараша 2026
Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды
-
21:54, 24 қараша 2026
Алматы-1 вокзалы жақын күндері ашылады
-
21:38, 24 қараша 2026
Астрологтар желтоқсанда әр жұлдыз белгісіне сәттілік әкелетін күнді атады
-
21:08, 24 қараша 2026
Қызылордада жазадан жалтарып жүрген сотталған азамат ұсталды





