Полиция көлігі жеңіл автокөлікпен жол апатына түсті: үш адам зардап шекті
© Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында полицияның арнайы көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жетінші арна" ақпарына сүйенсек, оқиға Арыс қаласында болған. Бір науқастың жағдайы ауыр. Жәбірленушілердің айтуынша, тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасын тіркеудің орнына, олардан ақша сұрап, көлікті жөндеп беруді талап еткен.
"Сол соқтығыстан біз инерциямен талға барып соғылдық, ары қарай есеңгіреп, есімнен танып қалдым. Есімді жисам, полиция қызметкерлерінің көлігінде отырмын. ЖКО болғаннан кейін 3-4 сағат сол көліктің ішінде отырдық. Жедел-жәрдем шақырылған жоқ, алғашқы көмек көрсетілмеді... Бізден 1,5 млн теңге ақша сұрады. "Машинаны жөндеп беріңдер", – деді жәбірленушілер.
Қазір екі ер адамның жағдайы тәуір болғанымен, біреуінің халі мүшкіл. Үш күннен бері жансақтау бөлімінде жатыр. Ал оны полиция қызметкерлері түнде ауруханаға басқа көлікпен апарған.
Оқиғадан кейін апатқа ұшыраған жеңіл көлік айып тұрағына жеткізілген. Ал қызметтік көлікті полицейлер әуелі қаладағы механик жігіттің үйіне апарған, кейін жөндетпей қайта алып кетіпті.
"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Қызметкердің заңды талаптарына бағынбау фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттері тексеріледі. Қазір жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады".Мұхтар Сейділдаев, облыстық ПД анықтау басқармасының бастығы
Бұған дейін Алматыда дүкен мен тұрмыстық ғимарат өртеніп, 5 адам зардап шеккенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:55, 5 желтоқсан 2025
Анасы өлтіріп, әжесін жарақаттаған: Ақтөбеде немересінің қолынан зардап шеккен кейуананың жағдайы қалай
-
09:42, 5 желтоқсан 2025
Қазақстанда нефрологиялық көмекті жетілдіру жоспарланып отыр
-
09:31, 5 желтоқсан 2025
Қазақстанның қай қалаларында ауа райы қолайсыз болады және тұрғындар нені білуі тиіс
-
09:23, 5 желтоқсан 2025
«Alatau» АЭА аумағы ұлғайтылды
-
09:14, 5 желтоқсан 2025
Елімізде балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынуы мүмкін





