Таиландта аударылған катер: Жарақат алған отандасымыз ауруханадан шықты
© Сурет: pixabay
Таиландта аударылған катердің ішінде болып, жарақаттанған бір отандасымыз 13 қаңтарда ауруханадан шықты. Қалған екеуі әлі дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК дерегіне сүйенсек, жалпы Андаман теңізіне саяхатқа шыққан катерде Қазақстанның сегіз азаматы болған.
Оқиға жексенбі Пхукет аралында болған. Туристер мінген мотор қайық балық аулайтын кемеге соғылып, Ресейден келген 18 жастағы қыз ажал құшты. 20-дан аса адам түрлі жарақат алған. Қайықта 55 турист болған - Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь азаматтары. Тергеу жүріп жатыр. Катер тиесілі компания өңірде арзан саяхат ұсынатын оператор ретінде белгілі. Яғни оларға тиесілі қайықтар бұған дейін де апатқа ұшыраған.
"Апатқа ұшыраған катерде Қазақстанның сегіз азаматы болған. Зардап шеккен барлығына жедел медициналық көмек көрсетілді. Қазақстанның үш азаматы ауруханаға жатқызылып, біреуін бүгін шығарды. Қалған екеуінің жағдайы тұрақты, емін аураханада жалғастырады. Шығынды сақтандыру компаниясы өтейді. Консул азаматтармен тұрақты байланыс орнатып, оларға қажет қолдау көрсетіп отыр". ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі:
Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жариялағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:21, 14 қаңтар 2026
34 жыл бойы білмеген: Қазақстандық тұрғынның некесі заңсыз деп танылды
-
12:12, 14 қаңтар 2026
Ресейде Елена Рыбакинаның Australian Open–2026 турниріндегі жеңіске жету мүмкіндігі бағаланды
-
11:56, 14 қаңтар 2026
Бакуде ауғанстандық ер адам жұбайын өлтіргені үшін сотталды
-
11:44, 14 қаңтар 2026
Чемпиондар лигасында «Қайраттың» алдағы қарсыласы күтпеген жерден «атағынан» айрылды
-
11:39, 14 қаңтар 2026
Ғалымдар ежелгі Помпей тұрғындары лас суда шомылғанын анықтады





