Бакуде ауғанстандық ер адам жұбайын өлтіргені үшін сотталды

11:56, 14 қаңтар 2026

© Сурет: pexels

Әзербайжандағы Баку қаласының Ауыр қылмыстар жөніндегі сотында Ауғанстан азаматы Самандар Сафайиға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі аяқталды. Ол жұбайын өлтірді және танысын жаралады деген айыппен сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az мәліметінше, оқиға 2025 жылғы 9 шілдеде Бакудің Бинагади ауданында болған. Аудандық прокуратураға Нюшаба Сафарованың (Сафайи) қасақана өлтірілгені туралы хабар түскен.

Тергеу барысында жәбірленушінің күйеуі — Ауғанстан азаматы Самандар Сафайи қызғаныштан туған жанжал кезінде жұбайын пышақтап өлтіргені, сондай-ақ танысы Джанмирза Джаббаровтың өміріне қастандық жасауға әрекеттенгені жөнінде негізді күдік анықталды.

Судья Нигяр Иманованың төрағалығымен өткен сот отырысында тараптар татуласуға келгендерін мәлімдегеннен кейін мемлекеттік айыптаушы айыпталушыға 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды ұсынды.

Алайда кеңесу бөлмесінен кейін сот үкімі жарияланып, Самандар Сафайи 16 жылға түрмеге тоғытылатын болды.

Бұған дейін Қазақстанда Айзат Жұманованы "қызғаныштан туған жанжал" кезінде аса қатыгездікпен өлтірген күйеуі Айбар Жанболатқа сот үкімі кесіліп, ер адам 14 жылға темір торға түсетінін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!