Алматыдан ұшатын Air Astana рейстері кешіктіріліп жатыр

19:38, 13 қаңтар 2026

© Сурет: pixabay

Алматыдан ұшып шығатын Air Astana-ның кешкі рейстері тұман мен көріну қашықтығы 150 метрден кем болуына байланысты кешіктіріліп жатыр.

Air Astana баспасөз қызметінің мәліметінше, рейстер Airbus NEO ұшақтарымен орындалады. Ал компания әуе кемелерінің өндірушісі енгізген шектеулерге сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін осындай шешім қабылдаған.

Кейбір рейстерді орындау үшін FlyArystan компаниясының резервтік ұшағы қолданылады.

Әуе компаниясы жолаушыларға рейстер туралы ақпаратты ресми сайттан немесе Air Astana мобильді қолданбадан алдын ала тексергені жөн.

Еске салайық, бұған дейін Астанада аязға байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқитынын хабарлаған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!