Қазақстандық «Торпедо» хоккей клубы Құрлықтық кубокта өнер көрсетеді
© Сурет: olympic.kz
Өскеменнің "Торпедо" хоккей клубы Құрлықтық кубокта өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Турнир 14 желтоқсанда Ұлыбританияның Ноттингем қаласында басталады. Жарыс форматы бойынша командалар екі топқа бөлініп, клубтар топтық кезеңде әрқайсысы бір-бірімен кездеседі.
Қазақстан командасы өз тобында франциялық "Анже Дакс" және даниялық "Хернинг Блю Фокс" клубтарымен шеберлік байқасады. Екінші топта жергілікті команда - "Ноттингем Пантерс", польшалық ГКС Катовице және латвиялық "Мого" ойнайды.
Тобында жеңіске жеткен командалар финалдық кезеңде алтын үшін бақ сынайды. Екінші орын алғандар күміс үшін, ал топтық кезеңде үшінші орын алған командалар - 5-ші орын үшін күреседі.
"Торпедо" ХК матчтарының кестесі (Астана уақытымен):
15 қаңтар, 19:30 - "Хернинг Блю Фокс" - "Торпедо"
16 қаңтар, 19:30 - "Торпедо" - "Анже Дакс"
Финалдық кезең:
17 қаңтар, 16:00 - 5-ші орын үшін матч
17 қаңтар, 20:00 - 3-ші орын үшін матч
18 қаңтар, 00:00 (17 қаңтар түнінде) - Финал
Естеріңізге сала кетейік, чемпиондық атағы бар "Арлан" клубы өткен маусымда Құрлықтық кубоктың финалдық кезеңіне қатысудан бас тартқан болатын. Осыған байланысты Халықаралық хоккей федерациясы көкшетаулық команданы турнирден шеттету туралы шешім қабылдады. Сондықтан биылғы додада олардың орнына күміс жүлдегер атанған "Торпедо" хоккейшілері бақ сынайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:01, 13 қаңтар 2026
Алматыда полицейлер бірқатар қалта ұрлығын әшкереледі
-
20:44, 13 қаңтар 2026
Оралда ер адам жанармай құю бекетіне пневматикалық және оқсыз тапаншалармен кірген
-
20:10, 13 қаңтар 2026
14 қаңтарда елдің қай өңірлерінде аяз болады
-
19:54, 13 қаңтар 2026
ШҚО-да есірткі таратумен айналысқан қыздан мефедрон тәркіленді
-
19:38, 13 қаңтар 2026
Алматыдан ұшатын Air Astana рейстері кешіктіріліп жатыр





