«Сұр» емес, жаңа iPhone: смартфонның заңды екенін қалай тексеруге болады
© Сурет: unsplash
Қомақты қаражатқа көптен күткен смартфонды сатып алғанда, оның ертең бұғатталмайтынына сенімді болғың келеді. Ал егер сатушы тауарды Қазақстанға заңсыз әкелсе, құрылғы бұғатталуы мүмкін. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін Kaspi.kz өз клиенттері мен серіктестері үшін арнайы сервисті іске қосты
Осы жылдың 25 мамырынан бастап Қазақстанда жаңа ережелер күшіне енді. Егер смартфон елге заңсыз әкелінсе, SIM-карта орнатылғаннан кейін 30 күн өткен соң бұғатталады. Заңды және заңсыз смартфонды құрылғының IMEI-коды* арқылы ажыратуға болады. Егер смартфон барлық талапқа сай әкелінсе, оның IMEI-коды мемлекеттік дерекқорда тіркелген болады. Ал егер бұл «сұр импорт» болса, онда код базада болмайды, демек құрылғы бұғатталады.
Kaspi Магазинде сатушы әрбір құрылғыны міндетті түрде тексеруі тиіс. Тапсырысты клиентке тапсырмас бұрын ол құрылғының IMEI-кодын енгізіп, мемлекеттік тіркеуден өткенін растауы керек. Бұл растаусыз тапсырысты клиентке техникалық тұрғыда жіберу мүмкін емес.
Сонымен қатар, сатып алушының ешқандай күмәні қалмауы үшін, ол смартфонды алғаннан кейін IMEI-кодты өзі де тексере алады. Ол үшін:
- Kaspi.kz мобильді қосымшасында Kaspi.kz-тегі Магазин → Менің тапсырыстарым бөліміне өту қажет;
- Қажетті тапсырысты таңдау;
- Тапсырыс мәліметтерінде тауардың жанындағы «IMEI-ді тексеру» батырмасын басу;
- Құрылғының IMEI-кодын енгізіп, оның тексеруден сәтті өткеніне көз жеткізу.
Бұл сервисті Kaspi бірнеше ай бұрын іске қосқан. Сонымен қатар Kaspi Магазиннен смартфон сатып алған әрбір клиентке IMEI тексеруге арналған сілтемесі бар push-хабарлама да жіберіледі.
Осындай тәсілдің арқасында Kaspi Магазиннен тіркелмеген смартфон сатып алу ықтималдығы өте төмен. Ал егер сатып алушы IMEI-кодтың мемлекеттік дерекқорда тіркелмегенін анықтаса, сол сәтте тауарды қайтарып, ақшасын толық қайтарып ала алады.
Сондай-ақ Kaspi өз клиенттері үшін тағы бір ыңғайлы сервисті іске қосты. Енді Kaspi.kz қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде кез келген құрылғының IMEI-кодын тексеруге болады, тіпті ол бұрын басқа дүкеннен сатып алынған болса да.
* IMEI-код — SIM-картасы бар әрбір құрылғыға (смартфон, планшет немесе модем сияқты) берілетін 15 таңбалы бірегей халықаралық мобильді жабдық идентификаторы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:27, 17 наурыз 2026
Ресейде жасырынған ұйымдасқан топ қатысушысы Қазақстанға экстрадицияланды
-
11:03, 17 наурыз 2026
Қазақстанда тек шетелдіктерге арналған жаңа ойын-сауық орындары ашылады
-
10:51, 17 наурыз 2026
Қазақстанда бизнеске 1,7 млн теңгеге дейінгі 9 мың грант беріледі
-
10:42, 17 наурыз 2026
Трамп өзінің жақын кеңесшісінің ауыр дертке шалдыққанын мәлімдеді
-
10:35, 17 наурыз 2026
Зеленский Жоғарғы рада депутаттарын майданға жіберетінін айтып қорқытты





