Суға жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасы: Анатолий Руденконың финалдағы нәтижесі белгілі болды

21:48, 5 қараша 2026
MKZ: 1576209

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық жүзгіш Анатолий Руденко Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында 50 метрге брасс әдісімен жүзуден финалда бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шешуші кезеңде Қазақстан құрамасының өкілі қашықтықты 28,85 секундта жүзіп өтіп, сегіз спортшының арасында жетінші орынға ие болды.

Қытай спортшысы Се Ичэнь жеңімпаз атанды. Ол 28,13 секундта мәреге жетті. Екінші орынды жапониялық Иори Миядзаки (28,42) иеленсе, үздік үштікті Беларусь өкілі Максим Машлякевич (28,46) түйіндеді.

Бұған дейін отандасымыз 100 метрге брасс әдісімен жүзуден шешуші кезеңге жолдама алған болатын. Финалда Руденко қашықтықты 1 минут 3,33 секундта жүзіп өтіп, алтыншы орынға тұрақтады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!