Әуежайдағы сый-құрмет: Алматы қаласы туристерді ерекше қарсы алуда
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2025 жылдың 21-23 наурыз аралығында Алматы қаласында Наурыз мерекесіне орай ерекше "Тәтті кәде-сый сыйлыққа" акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл шара Алматы қаласының Туризм басқармасының, Алматы халықаралық әуежайының, Алматы шекаралық бақылау қызметі мен "Жетісу" кеден бекетінің бірлескен бастамасымен жүзеге асырылуда.
"Акцияның негізгі мақсаты — қалаға келген шетелдік туристерге мерекелік көңіл-күй сыйлау және қазақ халқының қонақжайлығын көрсету. Осы шара аясында Алматыға келген шамамен 10 мыңға жуық шетелдік жолаушыға сый-құрмет көрсетіледі",- делінген әкімдік ақпаратында.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Акция барысында әрбір турист, Алматыға келіп қонғаннан кейін, халықаралық жолаушылар терминалындағы паспорттық бақылау мен кедендік тексеру аймақтарында ұлттық ою-өрнектермен безендірілген және көктемнің символдарымен нақышталған тәтті кәде-сый — ұлттық тәттілерін алады. Бұл іс-шара Қазақстанның бай мәдени мұрасын таныстыруға және Алматыға келген қонақтарда осы қала туралы жылы әрі жағымды естеліктер қалдыруға бағытталған.
Әуежайда сондай-ақ арнайы фотозона ұйымдастырылып, ұлттық нақыштағы баннерлермен безендірілді.
Жолаушыларға қазақтың дәстүрлі киімдеріне (шапан) киініп, естелік суретке түсу мүмкіндігі беріледі. Әркім ұлттық киімде өзін қазақ халқының қонақжайлық дәстүрінің бір бөлшегі ретінде сезініп, ұмытылмас естеліктермен қалаға қошемет білдіреді.
Бұған дейін елордалықтардың Наурыз мерекесін қалай қарсы алғандығы жайлы жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 22 наурыз 2025
«Қар жауады, найзағай ойнайды». Еліміз бойынша 23 наурызға арналған ауа райы болжамы
-
16:49, 22 наурыз 2025
LRT құрылысына байланысты елорда тұрғындарына қосымша ескерту жасалды
-
16:31, 22 наурыз 2025
Еуразиялық банк пен ERG компаниялар тобының егесі Александр Машкевич дүние салды
-
15:45, 22 наурыз 2025
Ән салып, би билейміз! Алматыда NauryzFest музыкалық фестивалі басталды - фоторепортаж
-
14:10, 22 наурыз 2025
Астанада Наурыз мейрамы кең ауқымда тойланып жатыр
Танымал жаңалықтар
-
11:20, 22 наурыз 2025
-
09:57, 22 наурыз 2025
-
14:25, 22 наурыз 2025
-
11:34, 22 наурыз 2025
-
10:26, 22 наурыз 2025
-
09:31, 22 наурыз 2025
-
09:18, 22 наурыз 2025
-
10:14, 22 наурыз 2025
-
12:10, 22 наурыз 2025
-
15:59, 22 наурыз 2025
-
12:25, 22 наурыз 2025
-
13:57, 22 наурыз 2025
-
13:44, 22 наурыз 2025
-
14:10, 22 наурыз 2025
-
16:31, 22 наурыз 2025