Елорда халқы Наурыз мейрамын қалай қарсы алды

16:23, 21 наурыз 2025

© Фото: akorda.kz

21 наурызда елорданың алты ауданындағы елді мекендерде ересектер мен қаланың жас тұрғындарына арналған интерактивті іс-шаралары бар концерттік бағдарламалар өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, 14 наурыздан бері елордада мерекеге орай 200-ден астам ауқымды іс-шаралар – концерттер, көрмелер, қойылымдар, шығармашылық кештер және т.б. жоспарланған.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Мәселен, 21 наурыз күні сағат 12:00-ден бастап Байқоңыр ауданында Досмұхамедұлы көшесі, 2, Қазқалашық тұрғын алабында ашық аспан астында концерттік бағдарламалар өтті.

Есіл ауданында мерекелік бағдарлама сағат 12:00-де Пригородный тұрғын алабында, Арнасай көшесі 127, №24 орта мектепте басталды.

Нұра ауданында 21 наурыз күні Үркер тұрғын алабында мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр. Айғыржал көшесіндегі саябақта киіз үйлер тігіліп, спорт алаңдары мен ұлттық тағамдардан тұратын сауда орындары орнатылды.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Сарыарқа ауданындағы Көктал саябағында (С.Бейбарыс көшесі) спорттық ойындар сағат 11:00-де басталды, ал 12:00-ден бастап көрермендер концерттік бағдарламаны тамашалай алады. Осы күні Қорғалжын алаңында (Қайнар көшесі) ұлттық спорт ойындары өтіп, ары қарай 12:00-де концерттік бағдарламаға ұласты.Сағат 12:00-де Алматы ауданының Теміржолшылар тұрғын алабында концерттік бағдарлама өтті.

Сарайшық ауданында сағат 12:00-ден бастап Интернациональный, Мичурино тұрғын алаптарында; Күйгенжар ​​ықшамауданында да концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Наурыз мерекесін тойлау елді мекендерде 22 наурыз күні де жалғасады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!