Су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынатын үйлер қандай жабдықтармен қамтылмақ

© Сурет: primeminister.kz
Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев 23 сәуірде Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында су тасқыны кезінде зардап шеккен қазақстандықтарға үйлердің қандай түрде берілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр үйлердің әрленетінін айтты.
"Қазір құрылыс Ақтөбе облысының Қобда ауылында басталды. Бұл жерде өзен төгіліп, елді мекенді су басқан. Онда инфрақұрылым тартылды, осы учаскелерде біз 87 үйдің құрылысын бастадық. Үйлердің саны әлі де өзгеруі мүмкін. Себебі, зардап шегушілер саны артуда.", - деді Қанат Шарлапаев.
Оның айтуынша, үйлерді барлық қажетті жиһаздармен қамтамасыз ету жоспарлануда.
"Кейбір негізгі заттарды сатып аламыз. Су кетіп қалған аймақтар бойынша біз жер учаскелерін таңдаймыз. Бізде Ақтөбе бойынша жер учаскелері бойынша дайындық бар. Ол шамамен 43% құрайды. Олар қазірдің өзінде анықталды. Қостанай бойынша қазірдің өзінде көптеген дайын учаскелер бар. Онда дайын инфрақұрылымы бар учаскелерді қамтамасыз ету шамамен 100% құрайды. Әкімдіктер бұл жұмысты жүргізуде. Біріншіден, біз кейін су тасқыны болмайын ең дұрыс орынды таңдауымыз керек.",- деді министр.
Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев 23 сәуірде су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға тұрғын үйді қашан қалпына келтіретіні туралы да айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:40, 15 мамыр 2025
Astana International Forum: Роза Отунбаева Қазақстанға келеді
-
18:59, 15 мамыр 2025
Шерзаттың ісі: ағайынды Тоқтаубаевтардың кішісі сотта жауап берді
-
18:55, 15 мамыр 2025
Аптап ыстық: +44°C. Еліміз бойынша 16 мамырға арналған ауа райы болжамы
-
18:48, 15 мамыр 2025
Астанада Қазақстан мен Қытайдың көлік министрлері кездесті
-
18:34, 15 мамыр 2025
Жамбыл облысында асырап алған баласын оқтаумен ұрған ана жазаға тартылды