Су тасқыны кезінде зардап шеккен Ақтөбе тұрғыны өтемақы алды

09:38, 23 мамыр 2024

© Сурет: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қарғын судан зардап шеккен Ақтөбе қаласының Алматы ауданының тұрғыны Айдана Орынбасарова бүлінген мүлік пен үйді жөндеу үшін өтемақы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өтемақы алған әйел бүгінде жөндеу жұмыстарын ойдағыдай аяқтаған.

"Мен алғашқылардың бірі болып өтемақы алдым, сондықтан бірден жөндеу жұмыстарына кірісіп кеттім. Көз қорқақ, қол батыр. Бастысы өз үйімізге оралғанымызға қуаныштымыз".Айдана Орынбасарова
Су тасқыны кезінде зардап шеккен Ақтөбе тұрғыны өтемақы алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 09:38

Сурет: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айдана 22 мамырда облыстық қоғамдық штаб мүшелерімен кездесіп, жөндеу жұмыстары кезіндегі мән-жайымен бөлісті. Мемлекеттік қызметкерлер өз кезегінде оны баспанасына оралуымен құттықтады.

Су тасқыны кезінде зардап шеккен Ақтөбе тұрғыны өтемақы алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 09:38

Сурет: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

20 мамырда Бектенов әкімдерге қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын тездету жөнінде тапсырма берген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!