Су қоймасының жағасында үш қазақстандық лайға батып қалды

12:05, 12 қазан 2026
MKZ: 1571814

© Сурет: pexels

Түркістан облысында 2026 жылғы 12 қазанға қараған түні құтқарушылар лайға батып, тұрып қалған автокөлікті шығарып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Түркістан облысы Арыс ауданындағы Көксарай су қоймасының жағасында болған. Жеңіл автокөлік лайға батып, әрі қарай қозғала алмай қалған. Сол кезде көліктің ішінде үш адам болған.

Құтқарушылар автокөлікті лайдан шығарып, жүргізушіге жолын жалғастыруға көмектесті.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Ал Көкшетауда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған 21 жастағы жергілікті тұрғынның көлік басқарғаны анықталды. Жас жігіт мас күйде рөлге отырған әрі ешқашан жүргізуші куәлігін алмаған. Ол тіпті көлік жүргізуді де үйренбеген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!