Степногорск ауруханасын салған мердігер бюджетке 80 млн теңгені қайтаруы тиіс

12:30, 6 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Ақмола облысының Степногорск қаласындағы аурухана құрылысы кезіндегі заңбұзушылықтарға жол берген шенеуніктер жазаға тартылды. Ал мердігер компания ел бюджетінен алынған 80 млн теңгені қайтаруға тиіс, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокуратура Степногорск көпбейінді қалалық ауруханасының екі операция блогын салу кезінде заңнама талаптарының сақталуына тексеру жүргізген. Сол уақытта мердігердің құрылыс нормаларын бұзып, жұмысын сапасыз орындағаны анықталды. Яғни тапсырыс беруші Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы құрылыс барысын қадағалап, бақыламаған. КТК дерегінше, осы себептен басқарманың екі лауазымды қызметкері тәртіптік жауапқа тартылды.

Еске салсақ, облыс әкімі өткен жылдың соңында аурухананың күрделі жөндеуі жоспар бойынша аяқталып, 2026 жылы қызметіне кіріседі деген. Үш жыл бұрынғы мердігер де жұмысын адал атқармай кеткен.

"Прокуратура қадағалау актісін қарау нәтижесінде мердігермен жасалған шарт бұзылды. Тапсырыс беруші 80 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын қайтару туралы сотқа талап арыз берді. Қазір жаңа мердігерді тағайындау және нысан құрылысын қысқа мерзімде аяқтау бойынша шара қабылдануда".Ақмола облысының прокуратурасы:

Бұған дейін Алматыдағы автопарктердің бірінен катализаторсыз автобустар анықталғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!