Қазақстанда таксидегі қауіпсіздік күшейтілді

13:32, 6 мамыр 2026

© Фото: pexels

ҚР Ұлттық экономика министрлігі такси тасымалдаушылардың хабарлама беру ережесіне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді тасымалдаушы такси қызметін бастамас бұрын жергілікті атқарушы органға хабарлама жіберуге міндетті. Сонымен қатар, жаңартылған нысанда көлік құралы ауыстырылғанда және жаңадан көлік қосылғанда, яғни автопаркті жаңарту кезінде өзгеріс енгізу мүмкіндігі қарастырылған.

Ведомство бұрынғы тәртіп бойынша, тасымалдаушы белгілі бір көлік құралына байланбайтынын атап өтті. Бұл жол-көлік оқиғасы кезінде жолаушыларға немесе үшінші тұлғаға зиян келтірілген жағдайда жауапты адамды анықтауды қиындататын.

"Осыған байланысты хабарлама нысаны көлік құралының маркасын, мемлекеттік тіркеу нөмірін және шығарылған жылын көрсететін мәліметпен толықтырылды",- делінген ақпаратта.

Бұл шара мүмкіндік береді:

  • жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігіне жауапты такси тасымалдаушысын жедел сәйкестендіруге,
  • нарыққа заңсыз қатысушылардың үлесін қысқартуға.

Бұған дейін Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, жүргізуші қаза тапқанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!