Сталкинг үшін жаза: Алматыда ер адам қоғамдық жұмысқа тартылды
© Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-1-бабына сәйкес айыпталған ер адамға қатысты үкім шығарды.
Ер адам бір ай бойы бұрынғы бірге тұрған әйелін жүйелі түрде қудалап, мазасын алған: оны аңдыған, қорқыту сипатындағы хабарламалар жолдаған, байланыс орнатуға мәжбүрлеп, жеке қауіпсіздігіне қатер төндірген.
Жәбірленуші Түрксіб аудандық полиция басқармасына жүгініп, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сот ер адамның әрекеттерін заңға қайшы деп танып, оған 100 сағат міндетті қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады.
Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.
"Сталкинг — ұсақ құқық бұзушылық емес, адамның өмірі мен қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін әрекет. Азаматтарды мұндай жағдайларға бейжай қарамауға шақырамыз. Полицияға дер кезінде жүгіну құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесуге және өз қауіпсіздігіңізді қорғауға мүмкіндік береді. Жәбірленушілердің уақтылы өтініші мен полицияның тиімді жұмысы қауіп-қатерді азайтып, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға жағдай жасайды", — деп атап өтті ол.
Полиция осындай құқық бұзушылықтарды бақылауды жалғастырып, сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік туралы халықты ақпараттандыруға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:23, 19 ақпан 2026
Ұлттық банк доллар бағамының әлсіреуіне қатысты пікір білдірді
-
14:16, 19 ақпан 2026
Қазақстан мен Қытай жаңартылатын энергетика саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуде
-
14:06, 19 ақпан 2026
Қауіпті QR-код: Қазақстанда алаяқтар жаға айлаға көшті
-
13:58, 19 ақпан 2026
Мәулен Әшімбаев өзін вице-президент болып тағайындалуы мүмкін деген қауесетке пікір білдірді
-
13:48, 19 ақпан 2026
Құрылтай депутаттарының сайлауы қашан өтуі мүмкін – Мәулен Әшімбаев жауап берді





