Мәулен Әшімбаев өзін вице-президент болып тағайындалуы мүмкін деген қауесетке пікір білдірді
© Фото: parlam.kz
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев 2026 жылғы 19 ақпанда жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі ықтимал кадрлық шешімдерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, мұндай әңгімелер қоғамдық талқылауды басқа арнаға бұрып жібереді.
"Бұл сөздердің еш негізі жоқ. Кадрлық мәселелер референдумнан кейін ғана қаралады. Егер Қазақстан халқы жаңа Конституция жобасын қолдаса, барлық шешімдер елдің жаңа Конституциясына сәйкес қабылданады. Бірқатар мәселелер Президенттің құзыретіне жатады, соның ішінде лауазымды тұлғаларды тағайындау да бар. Осыған байланысты өз басым қандай да бір түсініктеме беруді орынсыз әрі артық деп санаймын", – деді ол.
Сондай-ақ оның сөзінше, жаңа Конституция қабылданған жағдайда Сенат 1 шілдеден бастап өз өкілеттігін тоқтатады.
Мәулен Әшімбаев елге кез келген бағытта қызмет етуге дайын екенін айтып, Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруға, әділетті, демократиялық, әлеуметтік және инновациялық Қазақстан құруға атсалысуға әзір екенін жеткізді.
Еске салайық, 2026 жылғы 20 қаңтарда Ұлттық құрылтайдың V отырысында Қазақстанда вице-президент лауазымын енгізу және оны Конституцияда бекіту жоспары белгілі болған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:34, 19 ақпан 2026
Ауғанстанда «күнә құралы» деп танылған 500-ден астам музыкалық аспап өртелді
-
15:29, 19 ақпан 2026
ЖРВИ, тұмау және шешек кезінде іс-шара өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар өзгертілді
-
15:16, 19 ақпан 2026
Бірқатар салықтар бойынша есеп тапсыру және төлеу мерзімі 20 ақпанда аяқталады
-
15:09, 19 ақпан 2026
Балқашта көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түсті
-
14:55, 19 ақпан 2026
Алматыда Азиадаға бола жаңа спорттық нысандар салынбайды





