Қызылордада «Халықтық Конституция» – Қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті
© Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін, 2026 жылы 18 ақпанда Қызылордада "Достық үйінде" облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Республикалық референдум аясында "Халықтық Конституция – қуатты мемлекет" тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, бизнес қауымдастығының өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалым-ұстаздары, саяси партия жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар, Ассамблея мүшелері, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталып, жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті.
"Конституциялық реформа жөніндегі жалпыхалықтық талқылаулар жарты жылға жуық уақыт әртүрлі алаңдарда өтті. Бұл – қоғамның саяси белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігінің айқын көрінісі. Ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерді халықтың тікелей дауыс беруіне ұсыну – демократияның шынайы әрі мызғымас қағидаты. Жаңа Конституция жобасында мемлекетіміздің іргелі негіздері, басты құндылықтары мен дүниетанымдық ұстанымдары жүйеленіп, заманауи талаптарға сай жаңғыртылды. Жалпыхалықтық референдум Тәуелсіз Қазақстанның алдағы даму кезеңін айқындап, ел тарихында жаңа белестің басталуына негіз болады деп сенеміз", - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Өңір басшысының айтуынша, Президентіміздің бастамасымен елімізде соңғы жылдары қолға алынған саяси реформаларды жүзеге асыруда Сыр өңірі береке-бірліктің, тату тірліктің үлгісін көрсетіп келеді.
"Ұлтымыздың тарихына алтын әріппен жазылатын алдағы маңызды саяси кезеңде Сыр жұртшылығы еліміздің шынайы патриоты ретінде азаматтық ұстанымдарын білдіріп, жаңа Конституцияның жобасын қолдайды деп сенеміз. Баршаңызды осы іске жоғары жауапкершілікпен белсенді атсалысуға шақырамын!", – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жиында облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы, ҚР Сенаторлар кеңесінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы-ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты Наурызбай Сейітқалиұлы, білім саласының ардагері Райкүл Мансұрқызы, Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығы облыстық филиалының төрайымы, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Анар Жарылқасынқызы, "Анаға тағзым" орталығының директоры Алтынай Бекмағамбетқызы, "Аманат" партиясы жанындағы "Жастар рухы" жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Әсетхан Қазиұлы пікір айтты.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:42, 18 сәуір 2026
Полиция Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында апатты жағдай туындатқан бір топ жүргізушіні ұстады
-
13:05, 18 сәуір 2026
Қазақстандық үшінші ұлттық бітімгерлік контингент Голан жоталарына аттануға дайын
-
12:39, 18 сәуір 2026
Астанада ер адам қажылыққа бармақ болған 17 адамды сан соқтырып кетті
-
12:11, 18 сәуір 2026
18 сәуірдегі Астана мен Алматыдағы валюта бағамы
-
11:45, 18 сәуір 2026
Қазақстанда алаяқтықтың 18 жаңа тәсілі анықталды: Бас прокуратура халыққа ескерту жасады





