Соңғы алты күнде «Семей орманында» 15 өрт ошағы анықталған
© Сурет: akorda.kz
2026 жылғы 15–21 маусым аралығында “Семей орманы” мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында 15 орман өрті тіркелді. Бұл туралы бүгін, 2026 жылы 22 маусымда Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабар таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Комитеттің мәліметінше, табиғатты сақтау жолындағы маңызды міндеттердің бірі – орман өрттерінің алдын алу және оларды дер кезінде сөндіру.
"2026 жылғы 15–21 маусым аралығында "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында 15 орман өрті тіркеліп, олардың жалпы аумағы 0,4 гектарды құрады. Барлық өрт ошақтары жедел анықталып, оқшауланып, толықтай сөндірілді. Бұл – тәулік бойы еліміздің орман қорын күзетіп жүрген резерват қызметкерлері мен "Қазавиаорманқорғау" мамандарының кәсіби әрі үйлесімді жұмысының нәтижесі", делінген хабарламада.
Сондай-ақ құзырлы орган өрт қаупі жоғары кезеңде табиғат аясында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:
- от жақпаңыз;
- темекі тұқылын тастамаңыз;
- қоқыс қалдырмаңыз;
- табиғатқа ұқыпты қараңыз.
Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!
Бұған дейін Ақмола облысында құны 1,8 млрд теңге болатын орман қорындағы жерлер мемлекетке қайтарылғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:55, 22 маусым 2026
Қазақстан құрамасы эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында екі медаль иеленді
-
18:46, 22 маусым 2026
«Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында дала өртеніп жатыр
-
18:30, 22 маусым 2026
Астанада көпбалалы ер адам токқа түсіп, мерт болды
-
18:11, 22 маусым 2026
Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr көлігінің жүргізушісіне ең жоғары жаза тағайындалды
-
17:54, 22 маусым 2026
Брестте Ұлы Отан соғысының басталғанына 85 жыл толуына арналған парламентарийлер форумы өтті





