Бас прокуратура: ұшуға кедергі келтіретін лазер мен дрондар заңмен жазаланады
© Фото: unsplash
2026 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ұшақтарды басқаруға кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қадағалау органының мәліметінше, 2025 жылғы 16 шілдеде Қылмыстық кодекске әуе кемесін басқаруға лазерлік құрылғыларды немесе ұшқышсыз ұшу аппараттарын бағыттау арқылы кедергі келтіргені үшін жауаптылықты көздейтін өзгерістер енгізілді (ҚК-нің 352-1-бабы).
Аталған норма 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап күшіне енген.
Аталған бап қылмыстық теріс қылықтан бастап ауыр қылмысқа дейінгі жауаптылықты көздейді.
Санкциялар ауыр зардаптар туындаған жағдайда айыппұлдан бастап 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаларды қамтиды.
Бас прокуратурада Көліктегі полиция департаменті, Ішкі істер министрлігінің Құқық бұзушылықтардың алдын алуды үйлестіру комитеті және Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өтті.
Онда әуе кемелері қону және биіктікке көтерілу кезінде лазерлік құрылғылармен ұшқыштарды көз қарықтыру фактілерінің алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмыстың тиімділігі мәселелері қаралды.
Әуе кемелеріне қатысты лазерлік құрылғыларды қолдану ұшу қауіпсіздігіне, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретіні, сондай-ақ азаматтық авиация үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екендігі атап өтілді. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Талқылау қорытындысы бойынша авиациялық қауіпсіздікті нығайтуға, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға және жолаушылар мен әуе кемелері экипаждарының өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық, профилактикалық және құқық қорғау сипатындағы шаралар кешені әзірленді.
Кеңеске қатысушылар жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету мақсатында әрбір осындай факт бойынша қылмыстық істер қозғалатыны, лазерлік сәулелену көздері болуы ықтимал аумақтарда патрульдеу ұйымдастырылатыны, сондай-ақ кінәлі адамдарды уақтылы анықтап, ұстау қамтамасыз етілетіні жөнінде уағдаласты. Ұшқыштар мен әуе компаниялары әуе кемелері экипаждарына әсер ету фактілерінің барлығы туралы құқық қорғау органдарын хабардар етуге бағдарланды.
Осы әрекет үшін қылмыстық жауаптылық 16 жастан басталатынын ескертеміз. Ал осы жасқа толмаған кәмелетке толмағандар құқыққа қарсы әрекеттер жасаған жағдайда, олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және олардың мінез-құлқын бақылау жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:03, 22 маусым 2026
Ерлан Қарин: ішкі саясаттағы жаңа регламенттер өз бетінше шешім қабылдауды тоқтатады
-
12:54, 22 маусым 2026
Пхукетте қазақстандық әйел бірнеше жол апатын жасады: екі адам зардап шекті
-
12:49, 22 маусым 2026
Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей өңірлерде +40°C аптап ыстық сақталады
-
12:37, 22 маусым 2026
Қазақстанда бетті жабуға қатысты шектеу: 10 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған
-
12:25, 22 маусым 2026
Алматыдағы резонансты іс: қаза тапқан қыздың әкесі 100 млн теңге талап етті





