«Солтүстікте күн күрт суытса, оңтүстікте күрт ысиды». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

22:43, 15 мамыр 2025

© Сурет: Zakon.kz

Синоптиктер Қазақстанның 15 облысы және екі негізгі қаласына қатысты ауа райында күрт өзгеріс болатынын ескертті. Мамандар еліміз бойынша 16-18 мамырға арналған дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасының күндіз 10-15 градус жылы болады деп күтіледі.

18 мамырда Ақмола облысында жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 23-28 м/с құрайды. Ауа температурасы күндіз 13-18, облыстың оңтүстігінде, шығысында 21 градусқа дейін күрт төмендеуі күтіледі. Көкшетауда 18 мамырда ауа температурасының күндіз 13-15 градус жылы болады.

16-17 мамырда күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында сынап бағаны 40 градусты көрсетіп, өте қатты ыстық болады деп күтіледі.

18 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде 23-28 м/с құрайды. Ауа температурасының күндіз 10-15 градус жылы болып, сынап бағаны күрт төмендейді.

Астанада 18 мамырда күндіз қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасының 19-21 градус жылыны көрсетеді. 16 мамырда да елордада күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

18 мамырда Ұлытау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде 23-28 м/с құрайды. Ауа температурасы күндіз 15-20 градус, облыстың оңтүстігінде 25 градус жылыны көрсетеді.

18 мамырда түнде және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с құрайды. Ауа температурасы күндіз 22-27 градус, облыстың оңтүстігінде 30 градус ыстық болады.

16 мамырда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Алматыда 16 мамырда күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Қонаевта да 16 мамырда күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Күндіз Жамбыл облысы бойынша 40 градус қатты ыстық тіркеледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 16 мамырда күндіз 39 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түнде және күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, облыстың батысында, шығысында бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 16 мамырда күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

Күндіз Қарағанды облысында 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында шығыстан соққан жел оңтүстікке ауысады, облыстың солтүстігіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 40-44 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 16 мамырда күндіз 42-44 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 16 мамырда күндіз найзағай ойнап, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ұлытау облысында 35-37 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 16 мамырда күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман болады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда 16 мамырда таңертең және күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі. Павлодарда 16 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

16 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Петропавлда 16 мамырда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Күндіз Абай облысында 35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Семейде 16 мамырда күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, төтенше жоғары өрт қаупі күтіледі.

16 мамырда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

16-17 мамырда күндіз Алматы облысының батысында, солтүстігінде 40 градус ыстық болады деп күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер алдағы жұмада, 2025 жылы 16 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!