Солтүстік Қазақстанда ер адам зейнеткер әйелді пышақтап өлтірді

10:59, 21 шілде 2026
MKZ: 1557174

© Сурет: pixabay

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында тұрмыстық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. 74 жастағы кейуана қаза тапты. Аталған қылмысқа күдікті ретінде 31 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавловск.news басылымының жазуынша, жанжал кезінде ер адам зейнеткер әйелге пышақпен шабуылдаған. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр",- деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін Өскеменде жеңіл көлік жол апатына ұшырап, екі жасөпірім қаза тапқанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!