«Соққыға жығып, тұншықтырды»: қазақстандық әйел 30 жыл бұрын көрген зорлығы жайлы мәлімдеді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Батыс Қазақстан облысының тумасы 30 жыл бұрын болған топтық зорлау туралы мәлімдеді. Бұл дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 6 сәуірде "Мой город" басылымы жазғандай, TikTok әлеуметтік желісінің қолданушысы өз парақшасында жантүршігерлік оқиғасын бөліскен. Оның айтуынша, 30 жыл бұрын оны шамамен төрт ер адам зорлаған. Ол кезде бойжеткен 17-18 жаста болған және Батыс Қазақстан облысының бір шалғай ауылында тұрған.
"Бұл ер адамдар менің төрт ағамның әрқайсысы әр жаққа кеткенін пайдаланды. Бірі оқуға, бірі әскерге кеткен еді. Мен кішкентай ауылда анаммен бірге тұрдым, әкем қайтыс болған. Олар мені қараусыз қалған үйге апарып, кезек-кезек зорлады, ұрып-соғып, тұншықтырды. Мен оларды түрмеге отырғызамын деп қорқытқанда, біреуі мені Жайық өзеніне сүйреп апарып, "суға батырып жіберемін" деп қорқытты. Сонда олар мені одан сайын қатты ұрып, өзен жағасында тастап кетті. Таңға жуық есімді жидым – денем көгерген, әлсіреген және үстімде киім жоқ еді", – дейді әйел.
Бейнеролик кейіпкері оқиғадан кейін Орал қаласына көшіп, өмірін қайта бастауға тырысқанын айтты. Алайда ештеңе ойдағыдай болмаған. Кейін ол кішкентай баласымен бірге шетелге кетіп, қазір Вьетнамда тұрып жатыр.
"Қазір сырт көзге бәрі жақсы сияқты. Жұмыс істеймін, балам беделді университетте оқиды. Оны өзім үшін дүниеге әкелдім. Бірақ ішімде сол кезде қорланған, тапталған, "өлтірілген" кішкентай қыз әлі де бар. Сол қайғыны ұмыта алмадым, ол ішімде тас болып қатып қалған. Психологтар да көмектеспеді. Жеке өмірімді де құра алмадым, өйткені сол жағдайдан кейін ер адамдарға жиіркеніш пайда болды", – дейді ол.
Кейін әйел тағы бір видео жариялап, алғашқы жазбадан кейін Батыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласының полиция департаменттері өзімен байланысқа шыққанын айтты. Ол Оралға барып, кінәлілерді жазалау үшін бар күшін салатынын жеткізді.
"Көп адам неге осы уақытқа дейін үндемедің деп сұрайды. Жауабым: мен Атырау мен Оралдың ортасындағы кішкентай ауылда өстім, бәрі бір-бірін таниды. Маған ешкім араша түспес еді, бұл – ұят, масқара деп саналады. Ағаларым бәрін біледі, олар менен теріс айналмайды деп үміттенемін. Өйткені мен ешқандай жаман іс жасаған жоқпын. Енді болса да біреу мені естиді деп үміттенемін. Соңына дейін барамын, ішімдегі ауыртпалықтан құтылып, тыныштық тапқым келеді. Ал ол адамдар әлі күнге дейін алаңсыз өмір сүріп жүр", – деді ол.
Әйел NeMolchi.Kz қорының белсенділерінен көмек сұраған. Құқық қорғаушылар бұл істі қолға алып, оған көмектесуге ниетті.
Ал облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу барысында барлық мән-жайды тексеретінін айтты. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.
Бұған дейін ІІМ пәтер ұрлықтарын ашқандығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:56, 6 сәуір 2026
Қызылордада қиыршық тас пен құмды заңсыз алып кетпек болғандар ұсталды
-
19:41, 6 сәуір 2026
Ресейлік блогер Астанада соққыға жығылды: жанжалдың мән-жайы белгілі болды
-
19:29, 6 сәуір 2026
ШҚО-да кәріз құдығында үш жұмысшы газбен уланып қалған
-
19:13, 6 сәуір 2026
Павлодарда ер адам қорғансыз мысықты құтқарамын деп қаза тапты
-
18:58, 6 сәуір 2026
Алматыда ауа сапасына бақылау күшейді





