СҚО-да полицейлер 2 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіледі
© Фото: Zakon.kz
СҚО-ның Аққайың ауданында полицейлер 2 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіледі.
"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Аққайың ауданындағы елдімекендердің бірінде полиция қызметкерлері 1,9 келіден астам кептірілген марихуана тәркіледі.
Есірткі 40 жастағы жергілікті тұрғынның үйінен табылды. Сонымен қатар полицейлер одан есірткі тұтынуға арналған қолдан жасалған құрылғыны тәркіледі. Ер адам жабайы қарасораны жинап, кептіріп, жеке тұтыну үшін сақтағанын айтты. Өз кінәсін мойындады.
Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен сотқа жолданды. Бұл – жалғыз дерек емес. Жыл басынан бері Аққайың ауданында есірткіні ірі және аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау бойынша үш қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.
Заңсыз айналымнан барлығы 19,6 келі кептірілген марихуана тәркіленді. Бұдан бөлек, синтетикалық есірткі затын өткізуге қатысты бір дерек тіркеліп, одан 5,2 грамм есірткі тәркіленді.
Полиция заңсыз есірткі заттарын сатып алу, сақтау және өткізу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Есірткі сақталатын орындар мен оны тарату арналарына қатысты профилактикалық және жедел жұмыстар жалғасуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:31, 4 қыркүйек 2026
Астанада жыл соңына дейін 28 жаңа жоба іске қосылады
-
16:24, 4 қыркүйек 2026
Ауыл инфрақұрылымын дамыту Алматы облысының басты басымдықтарының біріне айналады
-
16:12, 4 қыркүйек 2026
Пашинян: Армения Еуропалық одаққа қосылу бағытынан бас тартпайды
-
16:01, 4 қыркүйек 2026
Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады
-
16:00, 4 қыркүйек 2026
Ник Кирьос допинг дауына байланысты ақталды: теннисші халықаралық жарыстарға қайта оралады





