СҚО-да халықты эвакуациялау жалғасуда

09:07, 15 сәуір 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысындағы су басу аймақтарынан азаматтарды тәулік бойы эвакуациялау жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"15 сәуірде таңғы 4 шамасында, Қызылжар ауданы Большая малышка ауылында құтқарушылар қоса берілген күштермен бірлесіп 894 жергілікті тұрғынды, оның ішінде 112 баланы эвакуациялады."ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Эвакуацияланған тұрғындар Пеньково ауылының уақытша эвакуациялық пункттерінде және туыстарында орналастырылған.

Бұған дейін СҚО-да су тасқыны жағдайы тұрақты түрде күрделі екендігі хабарланған болатын. Сергеев су қоймасы 153% - ға толған, судың биіктігі 2 метр 83 смге жеткен. Тәулігіне 20 см ғана төмендеу байқалуда. СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев Есіл өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатқанын, бірақ Петропавлда су ағысы төмен екенін атап өтті. Қазіргі уақытта облыс бойынша 1713 үй су астында қалған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!