«Сіз үшін көңіл көтеру, өзгелер үшін ұйқысыз түн»: ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады
© Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Бүгін, 2026 жылғы 23 қазанда Ішкі істер министрлігі азаматтарды өзгелердің тыныштығын бұзбауға және жолда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыратын бейнеролик жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, кейде өз әрекетіңнің салдарын түсіну үшін өзгенің орнында болып көру жеткілікті.
"ІІМ-нің жаңа бейнеролигінде қарапайым өмірлік оқиға көрсетілген. Науқас анасы ұлынан терезені жабуды сұрайды. Даладан қатты музыка, көліктердің гүрілі мен доңғалақтардың шиқылы естіледі. Ал анасына тыныштық керек. Осы сәтте жігіт өзінің де осындай әрекеттерге барғанын есіне алады: түнде көлікпен серуендеу, музыканы қатты қою, дрифт жасау, аулада шу шығару... Оған жай ғана көңіл көтеру болып көрінген әрекеттер сол мезетте біреудің ұйқысын қашырып, күйзеліске түсіруі, тіпті қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін еді", – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Министрлік өкілдері адамдардың өз әрекетімен кімге кедергі келтіріп жатқанын үнемі байқай бермейтінін атап өтті.
"Көрші пәтерде бала ұйықтап, қарт адам демалып немесе біреудің анасы ауруынан айығып жатуы мүмкін. Ал жолда жанымызда үйіне аман-есен жетуді ғана қалайтын адамдар жүр", – делінген хабарламада.
ІІМ түнгі уақытта музыканы қатты қою, айқайлау және өзге де шу шығару айналадағы адамдардың тыныштығын бұзатынын ескертті. Мұндай әрекеттер үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабында жауапкершілік көзделген.
Сондай-ақ министрлік жолда дрифт жасау да қауіпті екенін атап өтті. Күрт әрі қауіпті маневрлер жүргізушінің өзіне ғана емес, жолаушыларға, жаяу жүргіншілерге және жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қатер төндіреді.
"Өзгеге құрмет қарапайым нәрселерден басталады: басқалардың демалуына кедергі келтірмеу, ережелерді сақтау және айналамыздағы адамдарды ұмытпау. Тыныштықты сақтаңыздар. Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыздар. Өзіңізді және өзгелерді қауіптен қорғаңыздар", – деп үндеу жасады ІІМ.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабына сәйкес, сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін тыныштықты бұзғаны үшін айыппұл салынады. Бұған тұрғынжайда және одан тыс жерде шұғыл қажеттілік болмаса да, шу шығаратын жұмыстар жүргізіп, адамдардың қалыпты демалуына кедергі келтіру де жатады.
Ал тұрғын үйлерде және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындары жұмыс күндері сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден 10:00-ге дейін тыныштық сақтауға міндетті.
Тыныштықты бұзғаны үшін мынадай мөлшерде айыппұл қарастырылған:
- жеке тұлғаларға – 5 АЕК (21 625 теңге);
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК (86 500 теңге);
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК (129 750 теңге);
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК (432 500 теңге).
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы әрекет қайталанса, айыппұл мөлшері артады:
- жеке тұлғаларға – 10 АЕК (43 250 теңге);
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 40 АЕК (173 000 теңге);
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 60 АЕК (259 500 теңге);
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК (648 750 теңге).
Бұған дейін, 2026 жылғы 22 қазанда, Қазақстанның үш өңіріне полиция күштері жұмылдырылғаны хабарланған еді. ІІМ оның себебін түсіндіріп, мәлімдеме жасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:34, 23 қазан 2026
Республика күні қарсаңында 70-тен астам велошабандоз Алматы көшелерінде көк туды желбіретті
-
10:23, 23 қазан 2026
15 жыл бойы шатырда жатқан карталар британдықты миллионер етті
-
10:14, 23 қазан 2026
АҚШ-та оқушы қызды ұрламақ болған сәт бейнежазбаға түсіп қалды
-
09:52, 23 қазан 2026
Алматыда жүргізуші жолдағы жанжал кезінде қарсыласын тапаншамен қорқытты
-
09:41, 23 қазан 2026
Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды





