Дзюдошы Айдар Арапов елордадағы Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

17:09, 10 мамыр 2026

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Айдар Арапов Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақта жүлдегер атанды.

Айдар қола медаль үшін өткен белдесуде нидерландтық Франк де Витпен күресті. Нәтижесінде жерлесіміз басым түсті.

Осылайша, ұлттық құрама қоржынында бес медаль бар. Бұған дейін Жалғас Қайролла (81 келіге дейін) алтын алса, Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) күміс, Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) және Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін) қола медаль алған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!