Сингапур цифрлық контенттің кері әсерімен күресудің жолын тапты
© Фото: Zakon.kz
Сингапур цифрлық контентті үнемі тұтыну салдарынан зейін қою қабілеті мен когнитивтік дағдылардың төмендеуіне, яғни "brain rot" деп аталатын құбылысқа қарсы күресуге және кітап оқу мәдениетін нығайтуға бағытталған бес жылдық ReadSG ұлттық бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Independent басылымының жазуынша, тұрғындарға арнайы қосымшада немесе сайтта оқуға жұмсаған уақытын белгілей отырып, күніне кемінде 15 минут кітап оқу ұсынылады. Бағдарламаға қатысушылар тұрақты түрде кітап оқығаны үшін виртуалды марапаттарға ие бола алады.
Сингапурдың Ұлттық кітапхана кеңесі күн сайын қысқа уақыт кітап оқу адамдарға күрделі әрі көлемді ақпаратты қабылдауға қажетті дағдыларды дамытуға көмектеседі деп есептейді.
Бұған дейін Қазақстанда балаларға арналған жаратылыстану музейлері мен президенттік кітапханалар ашылатыны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:02, 17 қыркүйек 2026
Қазақстанда вирустық гепатиттерді анықтау тәсілдері өзгереді
-
09:59, 17 қыркүйек 2026
Қостанайда кәмелетке толмағандарды қорлайтын Telegram-арнаға қатысты тексеру басталды
-
09:54, 17 қыркүйек 2026
Адам өлтіріп, жазасын өтеген блогер танысу сайттарынан қайта көрінді
-
09:43, 17 қыркүйек 2026
Мұрат Бөрібаев Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды
-
09:38, 17 қыркүйек 2026
Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты: оған алты жылға әкімшілік қадағалау белгіленді





