Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрін қабылдады
© Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 30 сәуірінде мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті.
Президент бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты жүзеге асырудың, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудың маңызды екенін айтты.
Кездесуде Ресей Президенті Владимир Путиннің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды.
Мемлекет басшысы Астана аталған уақиғаға айрықша мән беріп отырғанын жеткізді.
"Бұл сапарды биылғы екіжақты күн тәртібінің ең негізгі іс-шарасы ретінде қарастырамыз. Екі елдің одақтастық қатынастарын ілгерілетуде аталған сапар маңызды рөл атқарады деп сенеміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сергей Лавров Мемлекет басшысына Ресей Президентінің сапарына әзірлік барысы туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың басты мәселелері үкіметтер мен сыртқы істер министрліктері деңгейінде пысықталып жатқанына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сергей Лавров халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:25, 30 сәуір 2026
Алматы облысында картон зауытында өрт шықты
-
17:09, 30 сәуір 2026
Ағымдағы жұмыс аптасы ішінде Қазақстан заңнамасында қандай өзгерістер болды
-
16:55, 30 сәуір 2026
Қазақстанда криптовалюталар 1 мамырдан бастап бақылауға алынады
-
16:43, 30 сәуір 2026
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасының күрт қымбаттауы туралы ақпаратқа денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірді
-
16:30, 30 сәуір 2026
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.





