«Silent Hill» Атырауда: қала қайтадан түтінге оранды
© Сурет: Zakon.kz/Динара Канбетова
Атырауда тағы да күйік иісі сезілді. Жыл басынан бері мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған. Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, кезекті түтіннің шығуына қамыс өрті себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Таңертеңнен бастап қала тұрғындары өткір күйік иісі мен қою түтінді сезіп отыр. Әртүрлі аудандарда тұншықтыратын смог байқалған. Кей жерлерде түтіннің қалыңдығы соншалық, тұрғындар оны "Silent Hill" фильміндегі көріністерге ұқсатуда. Иіс көшеде де, тұрғын үйлердің ішінде де сезіліп, қолайсыздық туғызып отыр.
Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде бірнеше күннен бері "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерват аумағында өрт жалғасуда. Каспий теңізінен 35 шақырым қашықта орналасқан 18, 26-квартал аумағында қамыс өсімдігі жанып жатыр.
"Жалпы өрт аумағы 12 гектарды құрайды. 2026 жылғы 1 мамыр сағат 10:30 жағдай бойынша 8 гектар аумақта ашық жану сақталуда, ал 4 гектар аумақ 30 сәуір күні сағат 17:17-де оқшауланып, сөндірілді", – деп хабарлады ТЖД.
Өрт сөндіруге Атырау облыстық ТЖД мен "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының 65 қызметкері және 18 техника жұмылдырылған. Батпақты жер болғандықтан, техникалардың қозғалысы қиындық тудыруда. Өртті сөндіру үшін жер жырту, трактор мен соқа қолдану, сондай-ақ қол өрт сөндіргіш құралдар пайдаланылуда. Мамандардың айтуынша, елді мекендерге қауіп жоқ.
Санитарлық қызмет өкілдерінің айтуынша, өңірдегі ауа сапасы әлі де күрделі. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Искакованың мәліметінше, атмосфераға өнеркәсіп орындары, автокөліктер, қоқыс полигоны және табиғи өрттер әсер етуде.
"Өңірде ауа сапасына мониторинг күшейтілді: зерттеулер 117 нүктеде, оның ішінде 76-сы Атырауда жүргізілуде. 2025 жылы 29 мыңнан астам ауа сынамасы алынған, олардың 0,4%-ында нормадан асу анықталды. 2026 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 0,9%-ға жетті. Формальдегид, күйе, көмірсутектер және PM2.5, PM10 бөлшектері бойынша асып кетулер тіркелді", – деді ол.
Маманның айтуынша, ластанған ауамен ұзақ уақыт тыныс алу тыныс алу жүйесі ауруларының, онкологиялық және басқа да дерттердің көбеюіне әсер етуі мүмкін.
Бұған дейін Атырауда экологиялық заңбұзушылықтар үшін салынған айыппұлдардың көлемі триллион теңгеден асқаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:10, 1 мамыр 2026
Өрт қауіпті кезең: ТЖМ қазақстандықтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды
-
12:54, 1 мамыр 2026
Түркістанда полицейлер электросамокаттарды пайдалану тәртібі мен қауіпсіздігін тұрғындарға түсіндірді
-
12:31, 1 мамыр 2026
Атырау облысында екі ағайынды ер адам атыс шығарып, бір адам жараланды
-
12:13, 1 мамыр 2026
Қарағандыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер ұсталды, көліктер айыптұраққа қойылды
-
11:59, 1 мамыр 2026
Түркістан облысында полицейлер дрон арқылы қарызы бар көліктерді анықтауда





